Лауазымы – Қоғамның корпоративтік хатшысының орынбасары;
1) Лауазымы – Қоғамның корпоративтік хатшысының орынбасары;
2) Жұмыс орны – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кеңсесі;
3) Жұмыс режимі – екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) бес күндік жұмыс аптасы;
4) Жарияланған күні – 07.04.2014ж.
5) Міндеттері:
- Қоғамның жоғарғы органының және басқарушы органының жұмыстарын қамтамасыз ету, олардың ұйғарымдарын орындау;
- Қазақстан Республикасы заңнамаларының, акционерлер Жарғысының, шарттарының және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес директорлар кеңесінің, директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
- Қоғам органдарының, лауазымды тұлғаларының акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған рәсімдерді сақтауын қамтамасыз ету;
- қаржылық қадағалау аясында Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты есептемені жүргізіп, уәкілетті органдарға тапсыруды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен Қоғам акцияларын шығару анықтамалығына мемлекеттік тіркеуді (өзгерістерді) жүзеге асыру жұмыстарын атқару;
- ҚР-ң «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында белгіленгендей Қоғамдағы корпоративтік оқиғалар жөніндегі ақпарат бойынша Қазақстанның қор биржасына қаржылық есептеме депозитарийін дайындап, ғаламтор-ресурсына орналастыру.
6) Қойылатын талаптар – жоғары білімі және корпоративтік басқару бойынша арнаулы дайындық;
Кәсіби жұмыс тәжірибесінің болуы.
ҚР заңнамаларының негізін білуі.
Негізгі жеке-іскерлік құзыреті: командада жұмыс жасай білуі, жоғары жауапкершілік, айналасындағылармен тіл табыса білуі, жүйелік қатынас, стратегиялық ой-өрісі.